Categories Жайық news

Трамп АҚШ-ты 53 штатқа дейін кеңейту туралы әзілдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы элиталық Alfalfa Club клубында өткен кешкі аста Америка Құрама Штаттарын Канада, Гренландия және Венесуэла есебінен кеңейту туралы әзіл айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Өз сөзінде Трамп АҚШ аумағын кеңейтуге қатысты ойын қалжыңмен жеткізген.

«Менің Гренландияны 51-ші штат ету ойымда ешқашан болған емес. Мен Канаданы 51-ші штат еткім келеді. Гренландия 52-ші, ал Венесуэла 53-ші штат бола алады», – деді Трамп.

Кейінірек ол мұның әзіл екенін түсіндіріп: «Біз Гренландияға басып кірмейміз. Біз оны сатып аламыз», – деп атап өтті.

Президент Канада мен Гренландияның АҚШ үшін қауіпсіздік тұрғысынан маңызды екенін бірнеше рет айтқан. Сондай-ақ ол АҚШ Венесуэлада «биліктің қауіпсіз, тиісті және ақылға қонымды ауысуын» қамтамасыз ете алатынына үміт білдірді.

Кеш қонақтарының айтуынша, залдағылар Трамптың көптеген әзілін салқын қабылдаған.

Фото: Getty Images

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…