Categories Жайық news

Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды: қандай мәселелер қаралады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы жұмысын бастады. Жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дәстүрлі отырысқа Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылығы мен басқа да орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысуда.

Күн тәртібінде инфляцияны ауыздықтау, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инвестиция тарту және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар талқыланады деп күтілуде. Президенттің министрлер кабинетінің жұмысына баға беріп, нақты тапсырмалар жүктеуі ықтимал.

Жиынның қорытындысы бойынша Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына жаңа міндеттер қойылады. Мемлекет басшысының мәлімдемелері мен тапсырмалары елдің одан арғы даму бағытын айқындайтын болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…