Жайық news

Тоқаев жаңа көмекші тағайындады: Байбазаров енді экономикаға жауапты

Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Осы тағайындауға байланысты Нұрлан Байбазаров бұрынғы атқарған Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Фото: youtube.com/@pmkz

Көп оқылғандар