Басты тақырып

Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, бұл мемлекетаралық қақтығыс, азаматтық соғыс емес. Қазақстан украин халқына, оның мәдениеті мен тіліне құрметпен қарайды. Ол қақтығысты уақытша тоқтатып, Ыстамбұл формуласына оралуды ұсынды. Себебі сол келіссөздерде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілген еді.

«Меніңше, қақтығысты уақытша тоқтатып, Ыстамбұл формуласына оралған дұрыс. Себебі аталған келіссөз барысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілген еді. Содан кейін алпауыт елдердің, соның ішінде Ресейдің кепілдігі арқылы көптен күткен бейбітшілікке қадам басуға болады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның бұл мәселеде сырт қалмайтынын, бірақ арағайын болудан бас тартатынын жеткізді. Ол Ресейді ұлы ел, орыс халқын ұлы халық деп атады. Тоқаевтың пікірінше, қазіргі жағдай Ресей мен Украинаның дұшпандарына ғана тиімді, өйткені жастар құрбан болып жатыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамытуға бейіл екенін растады. Ол бұл ұстанымды барлық халықаралық форумдарда айтып жүргенін атап өтті.

Көп оқылғандар