Басты тақырып

Тоқаев Қызылордаға жаңа театр мен кітапхана салуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевты қабылдап, өңірдің даму жоспарын тыңдады. Президенттің басты тапсырмасы – қалада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана салу, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әкім өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы макроэкономикалық көрсеткіштерін баяндады. Сонымен қатар алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын таныстырды.

«Мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлу керек. Халықтың рухани сұранысын қанағаттандыратын заманауи нысандар салу – басты міндет», – деді Президент.

Жаңа театр мен кітапхана Қызылорданың мәдени өміріне серпін бермек. Құрылыс жұмыстары биыл басталады деп күтілуде.

Көп оқылғандар