Сурет: Aikyn.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-транзит саласын дамытуға арналған шұғыл отырысы болып өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жиын барысында халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективалары және еліміздің транзит әлеуетін нығайту жөніндегі шаралар қарастырылды.
Премьер-министрдің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова, Қаржы министрі Мәди Такиев және Үкіметтің басқа да мүшелері саланың қазіргі жағдайы, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы даму бағыттары туралы баяндама жасады.
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы әлемде көлік-логистикалық байланыстардың жаңа жүйесі қарқынды қалыптасып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында еліміздің транзит әлеуетін нығайтудың негізгі бағыттары айқындалғанына назар аударып, Қазақстан халықаралық көлік құрылымында проактивті позиция ұстануы қажет екенін айтты.
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды орналасуы бірқатар артықшылықтар береді. Алайда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі тасымалдың жылдамдығы мен сенімділігіне, оның шарттары мен мерзімдерінің алдын ала айқын болуына, сондай-ақ тарифтердің тиімділігіне байланысты.
Ең алдымен, транзиттік жүктерді өткізу мүмкіндігін арттырып, отандық әуе тасымалдаушыларға жағдай жасау және теңіз көлігін дамыту қажет.
Мазмұнға өту
