Басты тақырып

Қар, жаңбыр, көктайғақ: бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы сақталады

Сурет: ашық дереккөз

15 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, ал бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тек республиканың оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанған.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі. Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында да тұман болады, таулы жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Астанада кей уақыттарда аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының оңтүстік-батысында және солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде және шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Айта кетейік, 14-16 қараша аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.

Көп оқылғандар