Спорт

Қазақстан U17 Австрияны 7:0 есебімен жеңді

Сурет: ©instagram.com/kff_jastar

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы Еуро-2027 іріктеуінде Австрияны 7:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кутаисиде (Грузия) өткен 14-топтағы бірінші іріктеу кезеңінің матчында Русланжан Раимбаевтың шәкірттері қарсылас қақпасына жеті гол соқты. Қазақстан сапында Роман Черноморец (19, 63) мен Ануар Төленді (21, 24) дубль жасады.

Келесі турда, 17 қарашада, Қазақстан Грузиямен кездеседі. Айта кетейік, алаң иелері алғашқы турда Австриямен 0:0 есебімен тең түскен.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша топ жеңімпаздары мен екінші орын алған 14 құрама А лигасындағы екінші кезеңге жолдама алады, қалған 26 команда В лигасында өнер көрсетеді.

2027 жылдың көктеміндегі екінші кезең Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығатын 7 команданы анықтайды. Бұл кезең 2027 жылы Қатарда өтетін 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатына Еуропа іріктеуінің бөлігі болмақ. Латвия қожайын ретінде финалдық кезеңге жолдама алғанына қарамастан, іріктеу турниріне қатысады.

Биыл 15 маусымда УЕФА штаб-пәтерінде 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаты-2027 іріктеуінің жеребесі тартылып, Қазақстанның қарсыластары анықталған еді. Іріктеудің екінші кезеңі 21 қыркүйек – 6 қазан аралығында және қарашадағы халықаралық ойындар кезінде өтеді.

Еске салайық, былтыр қарашада Қазақстан жастар құрамасы (U21) Молдовамен Еуро-2027 іріктеу ойынында тең түскен болатын.

Көп оқылғандар