Сурет: Aikyn.kz
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі футбол құрамасы Еуро-2027 іріктеуінде Австрияны 7:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Голдарды Роман Черноморец (19′, 63′), Ануар Төленді (21′, 24′), Сәлім Хасанов (35′), Ислам Рашидов (60′) және Ибрахим Асан (78′) соқты.
«Қайрат» ойыншысы Роман Черноморец пен «Астана» футболшысы Ануар Төленді дубль авторы атанды.
17 қарашада Қазақстан құрамасы Грузиямен кездеседі. Топта бірінші орын алу үшін тең нәтиже де жеткілікті.
Мазмұнға өту
