Қаржы

Әлемдік мұнай бағасы қайтадан төмендеді

Сурет: istockphoto.com

15 қарашадағы саудада әлемдік мұнай құны тағы арзандады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,61%-ға түсіп, барреліне 95,84 доллар болды. Oilprice.com мәліметінше, америкалық WTI маркалы мұнай 0,2%-ға арзандап, барреліне 88,56 долларға жетті. Ресейлік Urals маркалы мұнай 0,79%-ға төмендеп, барреліне 71,39 долларды құрады.

Мұнай нарығындағы жағдай Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына төнген қауіп-қатерлерге байланысты әлі де тұрақсыз.

Бұған дейін 11 қарашада әлемдік мұнай бағасы қайта өсіп, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,44%-ға қымбаттап, барреліне 92,44 доллар болғаны хабарланған еді.

13 қарашада әлемдік шикізат нарығында құбылмалы жағдай қалыптасты: бір күнде бағалы және өнеркәсіптік металдардың барлығының құны өскенімен, соңғы бір айдағы көрсеткіштері әлі де төмен деңгейде. Мұнай бағасы барреліне 100 доллардан төмен саудаланды.

Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» ЖИ арқылы мұнай өндіруді 45%-ға арттыруды көздеп отыр.

Көп оқылғандар