Сурет: Синхуа
Қытай мамандары жасап шығарған CE-25A электрлі жолаушылар ұшағы экипажбен алғашқы сынақ рейсін сәтті орындады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, сынақ 14 қарашада Шаньдун провинциясындағы Биньчжоу қаласында өтті. Ұшақ бортында екі ұшқыш және бір сынақ инженері болды. Ұшу штаттық режимде өтіп, барлық көрсеткіш күтілген нәтижеге сәйкес келді.
CE-25A – компания әзірлеген тұңғыш коммерциялық электр ұшағы. Ол 19 жолаушыға арналған және негізінен қалааралық бағыттарда қатынауға бейімделген.
Ұшақтың ең жоғары ұшу салмағы – 10 тонна. Ол сағатына 300 шақырымға дейінгі крейсерлік жылдамдықпен ұша алады. Сондай-ақ 2 400 метр биіктікке көтеріліп, 400 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсеруге қауқарлы.
Бұған дейін, 2 ақпанда, ұшақ экипажсыз алғашқы автономды ұшуын орындаған. Әзірлеушілер осы уақытқа дейін барлығы 19 ұшқышсыз сынақ рейсін өткізген.
Еске салайық, Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды (Т1) ресми түрде ашты.
Айта кетейік, Қазақстанда үш жаңа әуежайдың құрылысы аяқталуға жақын. Зайсан мен Кендірлі әуежайлары биыл жыл соңына дейін дайын болса, Қатонқарағайдағы әуежай құрылысы келесі жылдың ақпан айында аяқталады.
Ал Астанада жаңа әуежай салу жобасына сингапурлық Changi Airports International (CAI) компаниясы қатысады.
Мазмұнға өту
