Сурет: Видеодан алынған кадр
АҚШ-тың Майами халықаралық әуежайында UPS әуе компаниясының Boeing 767 жүк ұшағы мен Copa Airlines компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушылар ұшағы соқтығысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
CBS News телеарнасының мәліметінше, оқиға екі ұшақ жермен қозғалып келе жатқан кезде ұшу-қону жолағына шығатын екі бұрылу жолының қиылысында болған.
Әуежайдың коммуникациялар жөніндегі директоры Грег Чиннің айтуынша, оқиға әуежай жұмысына әсер етпеген.
Бұған дейін америкалық «Frontier Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы Денвер халықаралық әуежайында ұшу жолағында адамды қағып, мерт қылған. Қайғылы оқиға 8 мамыр күні кешке болған.
Жуырда АҚШ-тың Флорида штатында ұшақ апатқа ұшырап, 9 адам қаза тапты. Әуе кемесі Техас штатының Остин қаласынан Багам аралдарына бағыт алған.
Мазмұнға өту
