Спорт

Қазақстандық теннисші Екатерина Дмитриченко Мысырдағы ITF W15 турнирінде жеңімпаз атанды

Сурет: Sports.kz

Қазақстандық теннисші Екатерина Дмитриченко түркиялық Ирем Куртпен бірге Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өткен ITF W15 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Финалда үшінші нөмірмен тіркелген Дмитриченко мен Курт ресейлік Полина Старкова мен София Суслованы 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Жеңімпаз жұп бірінші айналымда Анна Снигирева мен Алиса Зиатдинованы 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Ширек финалда мысырлық Джуди Элькади мен италиялық Аврора Нозейді 6:2, 6:1 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда ресейлік Юлия Храмцова мен Елена Уткинаны 6:3, 6:1 есебімен ұтты.

Осылайша, Дмитриченко мен Курт турнир барысында өткізген 8 сеттің барлығында жеңіске жетті.

Турнирдің жүлде қоры – 15 мың доллар.

Бұған дейін Елена Рыбакина Токиодағы турнирдің ширек финалына қатысудан бас тартқаны белгілі. Сондай-ақ теннисші Асылжан Арыстанбекова украиналық Дарья Есипчукпен жұптасып, Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды.

Көп оқылғандар