Басты тақырып

«ҚТЖ» басшысы ұсталғаннан кейін компания штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді

Сурет: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады. Компания штаттық режимде жұмысын жалғастырып, инвесторлар, кредиторлар мен серіктестер алдындағы міндеттемелерін орындайтынын хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құқық қорғау органдарына қажетті ақпарат пен материалдарды ұсынып, жан-жақты жәрдем көрсетуде. Компания қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтері жарияланбайтынын, сондықтан қосымша түсініктеме бере алмайтынын атап өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және компаниялар тобы қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары мен іскерлік әріптестер алдындағы барлық міндеттемелер қолданыстағы келісімдерге сәйкес орындалады.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Отыншиевті ұстады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. Президент бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Көп оқылғандар