Сурет: ашық дереккөз
Теміртауда жолаушылар мінген автобус жолдан шығып, ағашқа соғылды. Апат салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, жүргізуші көлікті басқарып келе жатқанда өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Автобус басқарусыз қалып, ағашқа соғылған.
Жолаушылар жүргізушіге алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Бірақ оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтаған.
«Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Түркияда туристер мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты. Сондай-ақ Мысырда жүк көлігі мен туристік автобустың соқтығысуы салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 34 адам жарақат алды.
Мазмұнға өту
