Сурет: ТЖМ
Астанада Алаш тасжолы бойындағы базар аумағында дәмханаға айналдырылған 40 тонналық контейнер өртенді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттен жиһаз бен тұрмыстық техника жанып, жалын 50 шаршы метр аумақты қамтыған.
«Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер жанып жатқан нысанның ішінен үш газ баллонын жедел түрде сыртқа алып шықты. Құтқарушылардың уақтылы әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында газ баллондарының жарылу қаупінің алды алынды», делінген хабарламада.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Еске салайық, Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді.
Мазмұнға өту
