Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге екі халықтың ұлы тұлғалары – Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барды. Ол майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды.
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылады. Тоқаев Путинге Омбыдағы қонақжайлық үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша өз ұстанымын жеткізді. Кейін ол XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.
Мазмұнға өту
