Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан мен Ресей президенттері екі ел арасындағы мәңгі достықтың белгісі ретінде аллеяға емен көшетін отырғызды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл рәсім екі мемлекет арасындағы өзара құрмет пен берік достықтың айқын көрінісі болды. Президенттер бірге көшет отырғызып, болашақ ұрпаққа жолдау қалдырды.
Біздің достығымыз – мәңгілік, ынтымақтастығымыз – көпқырлы. Осы емен сияқты берік болайық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ресей президенті Владимир Путин де екі ел арасындағы байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

