Сурет: ашық дереккөзден
Германияда биылғы жазда аптап ыстықтан 15 мың 800-ден астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Роберт Кох институты хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл 1992 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қайтыс болғандардың 12 мыңы — 75 жастан асқан қарттар.
Мамандардың айтуынша, температура жазда екі рет күрт көтерілген: біріншісі маусымның соңында, екіншісі шілденің аяғы мен тамыздың ортасында. Бұған дейін аптап ыстықтан өлім-жітім 1994 жылы көп тіркелген еді, ол кезде 10 мыңнан аса тұрғын көз жұмған.
