Categories Жайық news

Тоқаев Парламент сайлауының мерзімін жариялады: елді қандай өзгерістер күтіп тұр?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сайлауы келесі сессия басталғанға дейін өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл мерзімге дейін заңнамалық негіз толық дайындалуы тиіс. Осы мақсатта жақын арада 5 жаңа конституциялық заң қарауға ұсынылып, 8 заң мен 60-тан астам нормативтік актіге тиісті түзетулер енгізіледі.

Президент Қазақстанның саяси және құқықтық салаларын толық трансформациялау процесі биыл және келесі жылы жалғасатынын атап өтті. Бұл үдеріс билік институттарын құрылымдық және кадрлық жаңартуды, сондай-ақ ел өмірінің барлық деңгейін жаңа конституциялық қағидаттарға бейімдеуді қамтиды.

«Жаңғыру жолы оңай болмайды, бірақ біз жеңіске жету және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін осы жолдан өтуіміз керек», — деді Мемлекет басшысы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…