Жайық news

Тоқаев Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Пәкістан астанасы Исламабадта өткен салтанатты рәсімде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Nishan-e-Pakistan» ордені табыс етілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысына жоғары марапатты Пәкістан Президенті Асиф Әли Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф өздері табыстады.

Бұл награда Пәкістанның дамуына айрықша үлес қосқан жергілікті азаматтарға, сондай-ақ шетелдік мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлеріне беріледі.

Ресми жиынға Пәкістанның Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы Күштердің жоғары басшылық құрамы мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар