Жайық news

Тоқаев Пәкістанға сапарлады: Президент ұшағын әскери жойғыштар алып жүрді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының ұшағы Пәкістанның әуе кеңістігіне енген сәттен бастап, оны елдің Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары құрметпен алып жүрді. Бұл – мемлекетаралық сапарлар кезінде көрсетілетін жоғары құрметтің белгісі.

Президент борты Исламабад қаласындағы «Нұр Хан» әуе базасына келіп қонды. Сапар барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, оның ішінде сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар