Жайық news

Тоқаев Пәкістанға барды: Президентті Шахбаз Шарифтің өзі күтіп алды

Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысын Исламабадтағы резиденцияда Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифтің өзі қарсы алды.

Ресми рәсім екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындаудан басталды. Осыдан кейін Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президентіне баянат жасады.

Салтанатты шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып, бірге естелік суретке түсті.

Фото: Ақорда

Көп оқылғандар