Тоқаев өнеркәсіп пен инфрақұрылымдық жобаларды талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады. Кездесуде өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлыбек Нәлібаев өнеркәсіп саласындағы негізгі көрсеткіштер мен алдағы жоспарларды баяндады. Сондай-ақ, ірі инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы жобалардың уақытылы және сапалы жүзеге асырылуына ерекше назар аударуды тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қазасына байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ғабит Мүсіреп: Мемлекеттік қолдау медиа саласына жаңа серпін береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында журналистиканы дамытуға үлес қосқан медиа өкілдерін мемлекеттік наградалармен…

Қазақстанда шілдеде ауа температурасы 44 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

Синоптиктер 2026 жылғы шілдеге арналған алдын ала ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, елдің көптеген…