Categories Жайық news

Тоқаев: Конституцияға кез келген өзгеріс тек референдум арқылы енгізіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Конституцияға енгізілетін кез келген түзету, тіпті ең кішігірім өзгеріс болса да, тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылдануы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Ата заңның кез келген ел үшін басты бағдар беретін құжат екенін атап өтті.

«Конституция – бұл кез келген елдің ең басты жол көрсететін құжаты, темірқазығы. Конституцияны бәріміз білуіміз керек, бағалауымыз қажет. Сондықтан егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын», – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, мұндай қадам халықтың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі саналады.

«Комиссия Конституцияға қатысты ұсыныстың бәрін мұқият саралап шықты. Мұқият ойластырылған түзетулер Конституцияның барлық негізгі бөлімдері мен баптарын, преамбуласын түгел қамтитын болады», – деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…