Жайық news

Тоқаев Израиль Сыртқы істер министрін қабылдады: Астанада маңызды мәселелер талқыланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саарды қабылдады. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Гидеон Саардың Астанаға сапары аясында Қазақстан-Израиль бизнес-форумының өтуін құптап, бұл шараның маңызына тоқталды. Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық салалардағы байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды іске асыру жайын сөз етті.

Израиль Сыртқы істер министрі өз кезегінде елінің Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін растады. Ол сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға берді.

Сонымен қатар кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар