Сурет: aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен аттанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер өткізу жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Мюнхен қаласына барады.
Бұдан бөлек, Президент Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Тоқаев Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.
