Жайық news

Тоқаев бүкіл елдің мәслихат депутаттарын жинады: Қандай мәселе көтерілді?

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумы басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Айтулы жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жергілікті өкілді органдардың мүшелері қатысып жатыр. Бұл форум – өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастыратын маңызды диалог алаңына айналды.

Күн тәртібінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, мәслихаттардың рөлін арттыру және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер тұр. Президенттің форум барысында өңірлердің дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма беруі күтілуде.

Дәстүрге айналған бұл жиын орталық пен өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, халықтың мұң-мұқтажын билікке тікелей жеткізуді көздейді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар