Categories Қоғам

«Таза Қазақстан»: Астанада жастар экологиялық акция өткізді

Сурет: Астана әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмысы өтті. Алматы ауданы әкімдігі мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара Махтұмқұлы көшесінде өтіп, оған белсенді жастар мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушылар көшелер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Астана жастары» ұйымы Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, сенбілік өткізіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – елордамыздың тазалығын сақтауға үлес қосу және тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Қаланың тазалығы әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осы арқылы астаналықтарды қаланы таза ұстауға үндегіміз келеді. Сонымен қатар, еріктілердің белсенділігін арттыру үшін тазалық жұмысын түрлі ойынмен және танымдық әдістермен ұштастырып, сенбілікті ерекше форматта ұйымдастырдық», деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Сұлтан Өмірғалиев.

Сенбілікке қатысқан жастар мұндай жұмыстардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті. Олардың пікірінше, қаланың тазалығы әр тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінен басталады.

«Astana Jastary волонтерлік ұйымының қатарына қосылғаныма бір жылға жуық уақыт болды. Осы аралықта түрлі экологиялық және қоғамдық іс-шараға белсенді қатысып келемін. Бүгінгі сенбілікке де жазғы демалысымызды пайдалы өткізіп, қаламыздың тазалығына үлесімізді қосу үшін келдік. Біз шашылған қоқысты жинап қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын насихаттауға тырысамыз. Астананың тазалығы – тек коммуналдық қызметтің емес, әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан әр азамат қоршаған ортаны таза ұстап, қоқыс тастамауды әдетке айналдыруы қажет деп ойлаймын», деді Astana Jastary волонтерлік ұйымының мүшесі Әбілмансұр Әмірхан.

Ұқсас жазбалар

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

Астанадағы №7 Балалар кітапханасында «Экология – табиғат жүрегі» атты ақпараттық сағат өтті, деп хабарлайды Астана…

«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмысы жүргізілді. Алматы ауданының әкімдігі мен «Астана…

NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасауда бірлеседі

NVIDIA компаниясы гуманоидты роботтар өндірісін бастап, жаңа дата-орталықтар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компания бас…