Қоғам

Тарбағатай тауларында Қызыл кітапқа енген арқарлар фототұзаққа түсті

Сурет: ЭМ

Тарбағатай тауларында Қызыл кітапқа енген арқарлар фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кадрларда таулы беткейлермен қозғалып, суатқа келген жануарларды көруге болады. Арқарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауында.

Мамандар фототұзақ арқылы сирек кездесетін жануарлардың тіршілігін зерттеп, олардың мекендеу аумағын бақылайды. Бұған дейін Тарбағатай ұлттық паркінде Түркістан сілеусіні де фототұзаққа ілінген еді.

Көп оқылғандар