Басты тақырып

Талғарда 8 жасар қызға тиіскен ер адам ұсталды

Сурет: ашық дереккөз

Талғарда полиция 8 жастағы қыз балаға тиісті деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 24 тамызда болған. Сол күні бала үйіне қайтып келе жатқан. Анасының айтуынша, ер адам велосипедін жөндеуге көмектесемін деген сылтаумен қызды адам жоқ жерге алып барған.

Бала ер адамнан қашып, үйіне жеткен. Осыдан кейін ата-анасы полицияға хабарласқан. Күдіктінің жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысы полицияның ерекше бақылауында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда 12 жастағы қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Көп оқылғандар