Сурет: Сыртқы істер министрлігі
Жанболат Қалдыбайұлы Үсенов Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) саясаттану факультетін тәмамдаған.
2004-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-де жетекші сарапшы, 2006-2007 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаментінде атташе, 2007 жылы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде атташе қызметін атқарған.
2007-2011 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде үшінші, екінші және бірінші хатшы, 2011-2012 жылдары «Шеврон Мұнайгаз Инк.» инвестициялық жобаларының үйлестірушісі, 2012-2014 жылдары СІМ ресми өкілі әрі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болған.
2014-2017 жылдары «Шеврон Мұнайгаз Инк.» компаниясында үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары, 2015-2017 жылдары Еуразиялық халықаралық қатынастар кеңесінің директоры қызметін атқарған.
2017-2022 жылдары Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде кеңесші-уәкіл, 2022-2023 жылдары «24 KZ» телеарнасында «Мир» бағдарламасының жүргізушісі болып жұмыс істеген.
СІМ ресми өкілі болып тағайындалғанға дейін «Верный Капитал» компаниясында корпоративтік коммуникациялар жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған. Ол ағылшын және француз тілдерін меңгерген.
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық банк төрағасы қызметіне Тимур Сүлейменов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына Ермек Сағымбаев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметіне Дмитрий Малахов тағайындалды.
Мазмұнға өту
