Сурет: Алтай Республикасының ІІМ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Алтай Республикасында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен отандастарымызға консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық дипломаттар жергілікті билік органдарымен, медициналық мекемемен және зардап шеккендердің туыстарымен жедел байланыс орнатқан. Сондай-ақ қаза тапқан азаматтардың мәйітін елге жеткізу мәселесіне де қолдау көрсетіліп жатыр.
Министрлік бұл мәселенің тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 27 шілдеде Ресейдің Алтай Республикасының Ұлаған ауданында болған. Апат салдарынан екі Қазақстан азаматы оқиға орнында қаза тауып, тағы бір азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Қазір Сыртқы істер министрлігі Ресейдің құзырлы органдарымен, дәрігерлермен және зардап шеккендердің туыстарымен тұрақты байланыс жасап отыр.
Мазмұнға өту
