Categories Жайық news

«Сумода «жамбас» әдісін жиі қолданамын»: Жапониядағы қазақ алыбы жеңісінің құпиясын ашты

Жапонияда кәсіпқой сумода ел намысын қорғап жүрген Ерсін Балтағұл қазақстандық спортшылармен және жас балуандармен кездесіп, тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Токиода өткен жүздесуге «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев сияқты қазақ күресінің дүлдүлдері қатысты. Сондай-ақ, кездесуге Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдо құрамасының мүшелері де келді.

Шара барысында жас спортшылар ұлттық күрестің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, сумо мен қазақ күресінің үндестігін паш етті. Ерсін Балтағұл өз кезегінде сумода жиі қолданылатын тәсілдерін таныстырып, тәжірибе алмасты.

Кәсіпқой спорттағы табыстың кілті – еңбек, тәртіп және ұлттық негізден ажырамау. Мен қазақ күресі мен дзюдо мектебінен қалыптастым. Жапондарда «Ондуошин и» деген ұғым бар, яғни залдың рухын сезіну. Мен де кілем мен залдың тынысын сезінуді төл күресіміздің мектебінен үйрендім. Бұған мысал ретінде айтсам, мен сумо белдесулерінде қазақ күресінің «жамбас» әдісін жиі қолданамын, – деді спортшы.

Кездесу соңында Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Мейіржан Берекетов Ерсін Балтағұлға құрмет көрсетіп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, естелік кәдесый табыстады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…