Спорт

«Спортинг» Жасұлан Әмірге қызығушылық танытты

Сурет: «Ордабасы» фк

Қазақстан құрамасы мен «Ордабасының» 19 жастағы жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмірге португалиялық «Спортинг» клубы қызығушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Amanvibe мәліметінше, әзірге «Спортинг» футболшыға ресми ұсыныс жасаған жоқ. Тараптар арасында келіссөз жүргізілмеген. Қазір португалиялық клуб оның әлеуетін бағалап жатыр.

Жасұлан Әмір 2026 жылғы маусымда «Ордабасы» сапында барлық турнирде 34 матч өткізді. Маусым ішінде ойыншы 11 гол соғып, алты нәтижелі пас берген. Қазақстан Премьер-лигасында 28 кездесуге қатысып, сегіз гол мен бес нәтижелі пас тіркеді. Ал Қазақстан кубогі кезінде команданың бес ойынына түгел қатысып, үш гол соқты.

Айта кетейік, биыл Жасұлан Әмір шымкенттік клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогін жеңіп алды. Сондай-ақ жартылай қорғаушы ҚПЛ-дің үздік жас футболшысы атанды.

Көп оқылғандар