Смартфоныңызды бөгде адамға беруге болмайды: Қазақстанда жаңа тыйым енгізілмек

Қазақстанда ұялы нөмір мен смартфонды басқа адамға беруге тыйым салынады. Бұл шара алаяқтық пен жеке деректердің ұрлануына жол бермеу үшін қажет, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа заң жобасы бойынша, сіздің нөміріңіз бен смартфоныңызды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Егер біреу сіздің атыңызға тіркелген нөмірді пайдаланса, ол заңсыз болып саналады.

«Бұл тыйым азаматтардың жеке деректерін қорғау және ұялы байланыс операторларының жұмысын реттеу үшін енгізіліп отыр. Ереже бұзылса, айыппұл салынады», — деді Цифрлық даму министрлігінің өкілі.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар интернет-алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі. Қазіргі уақытта көптеген алаяқтар басқа адамдардың нөмірлерін пайдаланып, банктік ақпаратты ұрлайды.

Жаңа норма 2025 жылдың басынан бастап күшіне енуі мүмкін. Нақты мерзім мен айыппұл мөлшері әлі бекітілмеген.

Ұқсас жазбалар

Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды

Астанада полиция формасымен видео түсірген 30 жастағы ер адам ұсталды. Оған әкімшілік хаттама толтырылып, іс…

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың қазақ-грузин серіктестігін нығайтудағы маңызын атап өтті.

Қоғам қайраткерлеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстау рәсімі өтті. Басылым даналары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың…