Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты екі күнде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы екі күнде елдің біраз аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Демалыста республиканың барлық аумағында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады, ал республиканың солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 5-6 шілдеде күндіз батыс пен орталық өңірлерде ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін қатты ыстық болады. Оңтүстік-батыста +40°C-қа дейін, ал солтүстік-батыста +35°C-қа дейін жетеді. Шығыс өңірлерде бүкіл кезең бойы +35…+37°C-қа дейінгі аптап ыстық сақталады.

Еске салайық, бүгін ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ күтіледі.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…

Премьер-министр Олжас Бектенов гидрологиялық ахуал бойынша жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов қауіпті гидрологиялық құбылыстарға байланысты ахуал туралы есептерді тыңдап, бірқатар тапсырма берді.