Сурет: Egemen Qazaqstan
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова министрлік ұжымына жаңа бірінші вице-министрді таныстырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет қаулысымен Шынар Қуанышқызы Ақпарова ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды. Оған дейін ол 2025 жылғы қарашадан бастап вице-министр қызметін атқарған.
Шынар Ақпарова 1972 жылы Қарағанды облысында туған. Ол Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде бастаған. Әр жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер болып, білім сапасын бақылау және қамтамасыз ету жүйесінде түрлі қызметтер атқарған.
2020-2023 жылдары Қарағанды облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары, 2023-2025 жылдары сол департаменттің басшысы болған. 2025 жылы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Мазмұнға өту
