Categories Жайық news

Шымкенттегі жаппай төбелес: пышақталған азамат жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

Шымкентте кісі өлімімен аяқталған жаппай төбелесте ауыр пышақ жарақатын алған екінші азамат жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 36 жастағы науқастың жағдайы орташа ауыр, бірақ тұрақты. Оның өмірлік маңызды көрсеткіштері қалыпты деңгейде, қазіргі уақытта қажетті ем-дом шаралары жасалып жатыр.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 20 қаңтарда болған. Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасы алдын ала жоспарланған қылмыстық есеп айырысуды жасыру үшін жасалған сылтау болуы мүмкін.

Салдарынан 40 жастағы Василий Колесниковты белгісіз біреулер ұрлап әкетіп, кейін оның денесі Түркістан облысынан табылған. Ал екінші жәбірленуші ауыр пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсіп, оған шұғыл ота жасалған еді.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, жеті күдіктіні қамауға алды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…