Жайық news

Нұрайдың өлімі: Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Шымкентте 21 жастағы Нұрай есімді қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс аса ауыр бап бойынша қайта сараланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 5-тармағына («Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру») ауыстырылған. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған азамат 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ күдіктіге бұдан бөлек тағы екі бап бойынша айып тағылып отыр. Олар: 125-1-бап («Некеге тұруға мәжбүрлеу») және 115-1-бап («Сталкинг»), яғни жәбірленушіні қайта-қайта аңду.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар