Categories Жайық news

Шымкент сотының судьясы залдағы журналистке тілін шығарып, ерсі қылық танытқан (ВИДЕО)

Бұл күндері Шымкент қаласының сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембайдың соты өтіп жатыр. Осы істі қарап жатқан судья Әбинұр Қарабаев процесті түсіруге келген журналист Ботагөз Омароваға тілін шығарып, ерсі қылық танытқан, деп хабарлайды ZhaiyqMedia сайты Azattyq Rýhy сілтеме жасап.

Бұған таң қалған Омарова судьяның видеосын әлеуметтік желідегі жеке парақшасына салып, оқиғаның қалай болғанын жазған.

«Журналист болғалы, әрине, көп нәрсе көрдім. Бірақ, судьяның тіл шығарғанын бірінші рет көріп отырмын. Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған адамның сотында төрағалық етіп отырған судья Әбинұр Қарабаев қараптан-қарап маған тілін шығарды. Шынымды айтсам, абдырап қалдым. Қарабаевқа не болды? Ол бұл әрекетімен не айтқысы келді? Жағдайы дұрыс па өзі, алаңдап отырмын», — деп жазған Ботагөз Омарова.

Сөз арасында әзілге басқан Омарова «бәлкім Қарабаев астаналық журналистерді өмірінде бірінші рет көріп отырған шығар» болмаса «тик-ток трендтен қалмайын деді ме?» әлде «мен керемет әйелмін, сондықтан мені көрген ер адамдар не істерін білмей қалады, Қарабаев та солардың бірі ме!?» деп қалжыңдаған.

Редакция бүгін жұмыс уақыты бастала сала Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінен судьяның әрекетіне қатысты комментарий сұрады. Бірақ, бірнеше сағат өтсе де Шымкент соты жауап берген жоқ.

 

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…