Сурет: BILD
Швейцарияның Арау қаласындағы техно-фестивальде болған атыстан бір адам қаза тауып, тағы бес адам жараланды. Қарулы шабуыл жасаған күдікті әлі іздестірілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
BILD деректеріне сәйкес, атыс түнгі сағат 02:30 шамасында Aarauer Rave фестивалі өтіп жатқан ипподром маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, алғашында олар атыс дыбысын отшашу деп ойлаған. Біреудің «Барлығын төмен жатыңдар!» деп айқайлағанынан кейін фестивальге келгендердің бір бөлігі диджей пультінің астына жасырынған.
Ипподром аумағы қоршауға алынып, жанындағы бассейн жабылды. Фестивальге шамамен 3500 адам қатысқан.
