Басты тақырып

Швециядағы сауда орталығының шатыры опырылып түсті

Сурет: Report

Швецияның Уддевалла қаласындағы сауда орталығының төбесі опырылып, шатырдың қалған бөлігі де құлау қаупі бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері келіп, себептерін анықтап, шатырдың қайта құлау қаупін бағалап жатыр. Төтенше жағдай туралы хабар сенбі күні таңертең ерте түскен. Ол кезде сауда орталығы келушілер үшін әлі ашылмаған болатын.

Шатырдың бір бөлігі опырылып түсті, алайда әзірге оның себебі белгісіз. Қауіпті аймаққа ешкім кірмеуі үшін аумақ қоршауға алынды. Қазір ақпарат жинап, шатырдың қайта құлау қаупі бар-жоғын тексеріп жатырмыз, — деді жедел қызметтердің басқару орталығының өкілі Петер Густафссон.

Сауда орталығының қызметкерлері эвакуацияланды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылмаған, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Көп оқылғандар