Сурет: qazaqormany
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары 7 қарашада Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен және Ұйғыр аудандық полициясымен бірлесіп, күшейтілген табиғат қорғау рейдін өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Рейд кезінде «Шонжы – Көкпек – Алматы» автожолында күдік тудырған көлік тоқтатылды. Көліктегі азаматтар 6 қарашада ұлттық парктің Темірлік аумағы маңында заңсыз аң аулауға қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінді.
«Оқиға орнында қарақұйрыққа ұқсас 5 жануардың ұшасы табылды. Олардың нақты түрі және жынысы сараптама нәтижесінде анықталады», делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.
Қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері заңсыз айналымнан екі мыңнан астам қару тәркіленді.
Мазмұнға өту
