Сурет: istockphoto.com
Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза болған әпкелі-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың туыстарына көңіл айтты. Дубайдағы дипломаттар марқұмдардың отбасына қолдау көрсетуде.
«Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеуге және Қазақстан азаматтарының қаза болуына қатысты мәселелер бойынша БАӘ-нің құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесуде. Отандастырымыздың қаза болу мән-жайын БАӘ-нің құзырлы органдары анықтап жатыр», деп хабарлады СІМ.
Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның өзге де мән-жайлары жарияланбайды.
