Спорт

Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңін бесінші орынмен аяқтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен 2026/27 маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңінде бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еркін бағдарламада ол 168,62 ұпай жинады. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша отандасымыздың еншісінде 263,49 ұпай бар.

Жарыста жапониялық Као Миура жеңімпаз атанды — оның қоржынында 293,25 ұпай. Екінші сатыда Владислав Дикиджи (282,44 ұпай), үшінші орында Евгений Семененко (281,62 ұпай) тұр. Бұл екі спортшы жарысқа бейтарап мәртебеде қатысты.

Бұған дейін Михаил Шайдоров Гран-при сериясының Франциядағы кезеңіне де қатысқан болатын. Ол Олимпиада алтынын жеңіп алған соң жаттығу мен жарысқа қайта оралудың оңайға соқпай жүргенін айтқан еді.

Көп оқылғандар