Қоғам

Шахматшы Алуа Нұрман әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

19 жастағы қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Гонконгте өткен рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол алдымен Магнус Карлсен командасын жеңуге үлес қосып, әлем чемпионы Александра Костенюкті тізе бүктірді. Кейін қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен тең түсіп, өзбекстандық Гулрухбегим Тохиржонова мен Әлем кубогының жеңімпазы Дивья Дешмухты жеңді. Алуа турнирді әлемнің ең тәжірибелі шахматшыларының бірі Харика Дронаваллимен тең нәтижемен аяқтады.

Нәтижесінде Barys командасы 9-орынға ие болса, Алуа Нұрман әйелдер тақтасында күміс жүлдегер атанды.

Көп оқылғандар