Спорт

Шахмат Олимпиадасы: қазақстандық қыздар төртінші турда Арменияны жеңді

Сурет: ТСМ

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Шахмат Олимпиадасының төртінші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бас рейтингте 16-орындағы Армениямен кездесуде Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісін тойлады. 16 жастағы Елназ Қалиахмет жеңіс сериясын төртке жеткізді. Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрман өз партияларын тең аяқтады.

Ерлер құрамасы бас рейтингте 76-орындағы Жапониямен кездесті. Жандос Ағманов Синъя Кодзимамен ойнады.

Жарыс ертең бесінші турмен жалғасады.

Көп оқылғандар