Әлем

Сеулде қазақстандық құрылысшы қаза тапты

Сурет: istockphoto.com

Оңтүстік Корея астанасы Сеулдегі құрылыс нысанында бетон құлап, Қазақстан азаматы мерт болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 29 қыркүйекте Сеулдің Сочхо ауданында болған. Yonhap агенттігінің дерегінше, 30-дар шамасындағы ер адам салынып жатқан тұрғын үй кешенінің 23-қабатындағы пәтерде тазалық жұмыстарын жүргізбек болған. Осы сәтте үстінен бетон опырылып құлаған.

«Корея Республикасының құзырлы органдары оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», делінген СІМ хабарламасында.

Оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігі нысандағы құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатып, полициямен бірлесіп тергеу бастаған. Мамандар еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы мүмкін екенін де тексеріп жатыр.

Бұған дейін Италияда оқып жүрген қазақ студентінің мәйіті табылғаны хабарланған еді.

Көп оқылғандар