Басты тақырып

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды

Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Серік Шәпкенов 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туған. Ол Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушылықтан бастап, кейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылымдарында, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, ауыл шаруашылығы салаларында әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарған.

2022 жылы 7 сәуірде Президент Жарлығымен Атырау облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Көп оқылғандар